Әртүрлі

Найзағай ойнап, бұршақ жауады

Бүгін республиканың кей өңірінде найзағай соғып, бұршақ жауады, деп хабарлады Еlorda.info «Казгидрометке» сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

-->

Бүгін республиканың кей өңірінде найзағай соғып, бұршақ жауады, деп хабарлады Еlorda.info «Казгидрометке» сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр болады. Ал Республиканың батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің көп бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ күтіледі. Ал Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, - дейді синоптиктер.