Әртүрлі

Нұртөре Жүсіп: Тәуелсіздік – әрбір қазақ үшін қастерлі күн

Белгілі журналист, сенатор Нұртөре Жүсіп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл күн әрбір қазақ үшін қастерлі күн. Азаттықтың жолында құрбан болған, шейіт болған қаншама ата-бабамыз бар. Солардың рухы шат болсын!

Өскелең ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін, мемлекеттің қадір-қасиеті, оның мәдениеті, салты, дәстүрі, тілі секілді құндылықтарды қадірлейтін саналы, сауатты, сапалы ұрпақ болсын! Ертеңгі елдің тізгіні жастардың қолында. Ал ол жастар Мемлекет басшысы айтқандай, өте білімді, еңбекке қабілетті мына бәсекелес заманда ешкімнен ықпайтын, қазақтың мүддесі деген кезде табандап тұра алатын тегеурінді азаматтар болсын деп тілеймін.

Әр шаңырақта шаттық, береке, қуаныш көп болсын! - деді Нұртөре Жүсіп.