Әртүрлі

Нұрболхан сахнада Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

Нұрболхан Шарапов сахнада Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады, деп хабарлады Elorda.info.

«Ләйлә сол кезде 4 жыл бұрын, менің балалығымнан болған шығар, мүмкін шалалығымнан болған шығар, мүмкін сенің де қателіктерің бар шығар. Сол кезде әйтеуір сондай болып кетті.  Бүкіл халықтың алдында кешірім сұрайын деп тұрмын. Ләйлә ханым дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын деді, - Нұрболхан Шарапов.

Нұрболханның бұл әрекетін оқырмандар құптап, «жарайсың, дұрыс шешім», «Ұлық болсаң кішік бол деген осы. Нағыз азаматтық қасиет», «Кешіре білгенің кішілігің емес, кісілігің» деген сияқты пікірлер қалдырған.