Мәжіліс депутаты су тасқынында белсенді болған әскерилерді марапаттады
Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде көзге түскен 15 теңіз жаяу әскері «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлады Elorda.info.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының офицерлері, сержанттары мен мерзімді қызмет сарбаздары «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаевтың қолынан марапатқа ие болды. Халық қалаулысы Отан қорғаушыларға су тасқынына қарсы күресте көрсеткен жанқиярлығы үшін алғысын білдірді.
Көктемгі су тасқыны кезінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 300-ден астам әскери қызметшісі екі ай бойы Атырау облысының Махамбет ауданында табиғи апатпен күресті. Әскери қызметшілер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіруге көмектесті.
-->«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының офицерлері, сержанттары мен мерзімді қызмет сарбаздары «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаевтың қолынан марапатқа ие болды. Халық қалаулысы Отан қорғаушыларға су тасқынына қарсы күресте көрсеткен жанқиярлығы үшін алғысын білдірді.
Халық сіздерді әрдайым мақтан тұтады. Ел басына күн туған қиын сәтте сіздер су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына көмекке келдіңіздер, – деді Ержан Бейсенбаев теңіз жаяу әскерлеріне.