Әртүрлі

Мұрат Молдағалиев: Өскелең ұрпақ өткен тарихымызды білуі тиіс

Елімізден Екінші дүниежүзілік соғысқа 1,5 млн адам аттанып, оның 630 мыңы майдан даласында опат болды, ал 271 мыңнан астамы хабар-ошарсыз кетті. Бұл күнде артында ұрпағы қалмаған боздақтардың жоқтаушысы ретінде адамзаттың алдындағы аманатты арқалап жүрген «Atamnyn Amanaty»  қоғамдық бірлестігі жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде де ерен еңбек сіңіріп жүр. Аталған қоғамдық бірлестіктің Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев Elorda.info тілшісіне ұйымның негізгі миссиясы, атқарған істері және алдағы мақсаттары туралы айтып берді.

2019 жылдың 19 мамырында құрылған «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің миссиясын «Өлі риза болмай тірі байымайды» деген қазақтың  бір ауыз сөзімен бейнелеуге болады. Оның басы-қасында осынау тәмсілдің таудай салмағын сезініп, игілікті іске бел шеше кіріскен белсенді азаматтар жүр. Із-түссіз кеткен әкесінің дерегі табаны күректей сексен жыл өткен соң табылып, қабіріне туған жердің бір уыс топырағын апарып тұрып егілген қарияны көргенде еріктілер еңбегінің зая еместігін сезінесің.

Басқарма төрағасы былтыр «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Алматыда «Ортақ тарих.Ортақ жеңіс.Ортақ көзқарас» атты халықаралық конференция өткізгенін де ерекше атап өтті. Өйткені осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл форум ТМД елдеріндегі үкіметтік емес ұйымдар мен іздестіру қозғалыстарының өзара іс-қимылы үшін ашық диалог алаңына айналып үлгерген.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру жұмысынан өзге жұмысшы жастар мен орта-арнайы білім беретін оқу орындарының студенттерімен де қоян-қолтық жұмыс істеп, оқу-тәрбие үрдісінде олардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруде.

Оның айтуынша, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатыр.

Қазіргі таңда біздің «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, қоғамдық бірлестік екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе Күштерінің Әскери институтының базасында курсанттар демалысқа кеткен мезгілде балалар мен жасөспірімдер үшін жазғы жиын ұйымдастыруды ұсынбақ.

 2030 жылға дейінгі Әскери-патриоттық тәрбие тұжырымдамасының жобасы Үкімет қаулысымен бекітілген соң «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жобаны жүзеге асыруға белсене араласып, ортақ іске өз үлесін қосатын болады.

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында қоғамдық бірлестік «Белгісіз қазақстандық сарбаз» монументін орнатуды ұсынып отыр.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі осылайша ата-бабамыздың ерліктерін ұлықтауды өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеумен байланыста жүргізіп келеді. Ал ерлікті ұмытпау – елдікті ұлықтау деген сөз.

-->

«Жеті атасына дейін жетік білген қазақ қашаннан іздеусіз, жоқтаусыз қалғаннан қорыққан. Ал көбінің артында ұрпағы да қалмаған 271 мыңнан астам боздақты  іздемеу, жоқтамау елдігімізге сын болар еді.  Былтырдан бастап еліміздегі барлық мешіттер мен шіркеулерде бір мезгілде хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің рухына арнайы құран бағышталып, дұға оқылды. Осы игілікті істі жыл сайын дәстүрге айналдырмақ ниетіміз бар.

«Atamnyn Amanaty» өз жұмысын негізі үш бағыт бойынша жүргізеді. Бірінші бағыт, майдангерлерді әскери құжаттары бойынша архивтерден, түрлі форумдар мен қауымдастықтар арқылы іздестіру. Бұл өзі инемен құдық қазғандай дүние. Екінші бағыт – майдан даласында тікелей қазба жұмыстарын жүргізу. Біздің еріктілер тобы жыл сайын Калуга облысында өтетін «Батыс майданы. Варшава тас жолы» халықаралық әскери-тарихи экспедициясына қатысады. Биыл да барып қайтты. Үшінші бағыт – ел ішінен туыстарын іздестіру. Өйткені ТМД ғана емес, бүкіл Еуропа мемлекеттерінің аумағында қаншама жерлестеріміз жатыр?! Олардың көбі -  Еуропаны (Сербия, Венгрия, Германия, Польша, Латвия және тағы басқа елдерді) азат ету барысында шейіт болса, енді біразы тұтқынға түсіп, концлагерьлерде қаза тапқандар. Қазір біздің қолымызда елден тысқары жерде мәңгілік мекенін тапқан 20 мыңға жуық қазақстандықтың тізімі бар. Соларды облыс-облыс бойынша бөліп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды бастап та кеттік, - дейді «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Басқарма төрағасы былтыр «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Алматыда «Ортақ тарих.Ортақ жеңіс.Ортақ көзқарас» атты халықаралық конференция өткізгенін де ерекше атап өтті. Өйткені осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл форум ТМД елдеріндегі үкіметтік емес ұйымдар мен іздестіру қозғалыстарының өзара іс-қимылы үшін ашық диалог алаңына айналып үлгерген.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру жұмысынан өзге жұмысшы жастар мен орта-арнайы білім беретін оқу орындарының студенттерімен де қоян-қолтық жұмыс істеп, оқу-тәрбие үрдісінде олардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруде.

«Өскелең ұрпақ өзінің өткен тарихын білуі тиіс. Мәселен, биыл  «Аталар аманатына адалмыз» атты акция өткізіп, онда әрбір колледждің студенттері Қазақстанда жасақталып, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан дивизиялар мен құрмалардың тарихын, майдан жолын зерттеп, солар жөнінде ғылыми-іздестіру жұмыстарын жасады. Сол зерттеулердің барысында «Даналық» колледжінің студенттері даңқты 101-ші атқыштар бригадасының соңғы көзі тірі солдатын – 102 жастағы майдангерді тапқан еді. Өкінішке орай, Ржев түбіндегі қанды шайқасқа қатысып, соғысты Кеннигсбергте аяқтаған Сатылған Бекмағамбетов ақсақалдың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар Ақтөбе қаласынан күні кеше жетті. Батырдың топырағы торқа болсын! Оның өмір жолы жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала бермек, - деді бұл туралы Мұрат Жанатайұлы.

Оның айтуынша, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі жастарды рухани-адамгершілік, әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Биыл бұл шаралар Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығын мерекелеу аясында өтіп жатыр.

Қазіргі таңда біздің «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру бағытында бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мысалы, қоғамдық бірлестік екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе Күштерінің Әскери институтының базасында курсанттар демалысқа кеткен мезгілде балалар мен жасөспірімдер үшін жазғы жиын ұйымдастыруды ұсынбақ.

«Мың естігеннен бір рет көрген артық» дейді қазақ.  Сол себепті Астана қаласының бір топ студенттерін қала түбіндегі Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімге алып бардық. Жасөспірімдер казармадан бастап, қару-жарақ, әскери техникалармен, иісшіл иттермен танысып, солдат ботқасынан дәм татып, жауынгерлік өмірмен етене танысты. Бір күннің ішінде олардың әскери қызметке деген көзқарастары түбегейлі өзгерді деуге болады. Көбі бұрынғы ойларынан айнып, қажет болса Отан қорғаушысы ретінде сапқа тұруға тілек білдірді, - дейді Басқарма төрғасы.