Әртүрлі

Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады

Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесін жоғары бағалады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Астананың халықаралық аренадағы рөлі нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел ортақ құндылықтар мен тарихи тамырластыққа негізделген көпжақты ынтымақтастықты дамытуға тиіс.

Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевты Моңғолияға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қазақстан президенті бұл шақыруды зор ықыласпен қабыл алатынын айтты. Оның пікірінше, алдағы сапар екіжақты қатынастардың жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.

Бұдан бөлек, екі ел басшылары көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

-->