Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы күрт нашарлап кетті
Әнші бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова дер уақытында көмекке келген жекеменшік жедел жәрдемге алғысын білдірді.
-->
Бүгінгі жағдай... Көрсетілген жәрдемді бөліспесем болмайды. Сіздерге ауадай қажет болуы мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ екен ғой. Хәлім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық. 10-ақ минутта келіп, шын жедел жәрдем көрсетіп, мед.орталықтарына апарып, бүкіл анализді тапсыртып, ем-домымды алып, үйге сап-сау риза қайттым. Көз тигеннен шығар. Даусым жуандап, тамағым бітіп қалды, - деп жазды өнер иесі.
Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова дер уақытында көмекке келген жекеменшік жедел жәрдемге алғысын білдірді.
Былтыр бүйректен ұстап, 103 жедел жәрдем шақырып, бір жарым сағат күтіп едім. Келіп көмек көрсетудің орнына, отырып асықпай қағаз толтырды. Одан қалса ауруханаға жатқызбасақ болмайды деп, қаланың арғы басындағы ауруханаға апарды. Менің мекен-жайыма қатысы жоқ, ауруханаға апарды. Ол жаққа жетіп алып, 30 минут қағаз толтырды. Ауруханаларының жағдайы нашар. Өзім басқа жерге емделемін деп қолхат жазып, шығып кеттім. Қатты жаныма батқаны сонша, есімде қатты сақталыпты. Сол кезде жекеменшік жедел жәрдем шақыруға болатынын білдім. Бүгін ойламаған жерден шақыруға мәжбүр болдық. Басымнан өткенмен бөлісуді жөн көрдім. Сақтықта қорлық жоқ. Аман болыңыздар, - деп жазды өнер иесі.