«Өмірімнің бір ғажайып кезеңі»: Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуі туралы айтты
Байсеміз LIVE подкастында жүргізуші Жанар Байсеміз журналист Мақпал Қаратайға «Неге отбасыңды сақтап қала алмадың?» деп сұрақ қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қалай жауап беретінімді білмей жатырмын. Жабылып кеткен дүниелерді қайтадан ашу қаншалықты қажеті бар?», - деп журналист жоба жүргізушісіне қарсы сұрақ қойды.
Бұл сауалға жүргізуші былай жауап берді.
«Егер мен сұрақ қойсам, онда қажеті бар. Мен соны сенің аузыңнан естігім келеді», - деп жауап берді.
«Менің ойымша, YouTube каналда оқырмандарға ол дүниенің яғни менің ажырасқанымның қаншалықты пайдасы бар? Бәлкім мен жылармын, оны жамандармын, өзімді ақтармын», - деді подкаст қонағы.
Алайда жүргізуші Жанар Байсеміз «Оның пайдасы емес, отбасылық өмірде мүмкін бір адамдарға кездесіп жатса, сондай нәрселердер үлгі болатындай» деп жауап берді.
«Мен ойымша, адамның біреудің өміріне қарап, өз өміірмде осы нәрседен аттап өтем деу мүмкін емес. Ол әркімнің жолы, әркімнің отбасылық жолы. Біздің жағдайымызда бір адамның кінәсі деп айта алмаймын. Өйткені екеуміздің жіберген қателіктеріміздің негізінде түйінделген нәрсе. Мысалы, көп жағдайда , ол нәрсені ашып айту арқылы әңгіме болған соң бір сөздер шығып қалады. Ол – менің балаларымның әкесі. Менің әр сөзім арқылы балаларымның жүрегіне қаяу түсіремін. Жалпы бұл менің өткен шағым. Ол менің өмірімде жақын адам болып қала береді. Өйткені мен оның арқасында өмірге 3 баланы әкелдім. Ол – менің өмірімнің бір ғажайып кезеңі. Ол нәрсені қазудың қажеттілігі жоқ, Жанар. Сен оны қазу арқылы менің жүрегімді жаншисың. Ол жараның аузы толық жабылып бтікен жоқ. Бәрібір, менің жүрегімді ауыртатын жағдайлар бар», - деді спикер.