Өмірден өткен әжесінің атынан зейнетақы алып келген ақмолалық 3 жылға сотталды
Ақмола облысында немересі өмірден өткен әжесінің атынан зейнетақы алып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген, деп хабарлады Elorda.info.
Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткер П.Е.Н. 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталды. Өз кезегінде қайтыс болған адамның туған немересі, пайдакүнемдік ниетпен, жеке баю мақсатында қайтыс болу фактісін уәкілетті органдардан жасырып, әжесінің зейнетақы зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлаған.
Осылайша 4 млн теңгеден астам қаражат ұрланып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірді.
-->Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жүргізілген талдау барысында 1937 жылы туған зейнеткер П.Е.Н. 2021 жылы Зеренді ауылында қайтыс болғаны анықталды. Өз кезегінде қайтыс болған адамның туған немересі, пайдакүнемдік ниетпен, жеке баю мақсатында қайтыс болу фактісін уәкілетті органдардан жасырып, әжесінің зейнетақы зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлаған.
Осылайша 4 млн теңгеден астам қаражат ұрланып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірді.
«Осы факті бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы ҚР ҚК 1-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Зеренді аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы, 3 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ көрсетілген залал сомасы мемлекет кірісіне өндірілді», - делінген Ақмола облысының прокуратурасының хабарламасында.