Министр Абай облысындағы өрт аумағын әуеден барлады
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт аумағын әуеден барлады, деп хабарлады Elorda.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, аэровизуалды барлау нәтижесінде өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су төгу, сондай-ақ өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Елдімекендерге төнген қауіп жойылды. Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ.
Аэровизуалды барлау жүргізілгеннен соң министр Серік Шәріпханов кеңес өткізді. Талқылау барысында қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігінің үш бірлік техникасынан, бес қызметкерінен, үш тікұшақпен жедел тобынан басқа, жеке құрамын тұрақты жұмыс орнына қайтару туралы шешім қабылданды.
Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз ететін болады.
Бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет көлемі 249 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы 2 525 рет көлемі 7423 тонна су төгілді.
ТЖМ басшысы өрт сөндіруге қатысушыларды өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жарияланды.
-->