Мұғалімдер қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларын меңгереді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында AMANAT партиясы ұйымдастырған қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларын меңгеріп жатқан ұстаздармен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Ел бойынша барлығы 7 500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады. Жаңа пәннің оқу бағдарламасына жаңа оқу жылында енгізілуі жоспарлануда.
Мәжіліс спикері бүгінгі отандық білім беру жүйесі өскелең ұрпаққа ең қажетті білімді беріп, оларды қазіргі өмірге барынша дайындауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұл алдыңғы қатарлы шетелдік елдердің тәжірибесі.
Кездесу соңында Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрлері Ғани Бейсембаев пен Саясат Нұрбек «Қарызсыз қоғам» жобасының жоғары өзектілігіне тоқталып, оны білім берудің үш деңгейінде – мектептерде, колледждерде және университеттерде толық қолдайтынын айтты.
Атап айтқанда, қаржылық сауаттылық бойынша мектеп олимпиадалары өткізіледі. Осы пәнді оқыту қарқыны артады. Ол бүкіл ел бойынша, әсіресе экономикамен байланысты емес мамандықтар үшін барлық жоғары оқу орындарында міндетті болады.
-->Ел бойынша барлығы 7 500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады. Жаңа пәннің оқу бағдарламасына жаңа оқу жылында енгізілуі жоспарлануда.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аударды. Президент Үкіметпен бірлесіп бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды және оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бұл жұмысты ең алдымен мектеп пен ЖОО-дан бастау керек. Біздің Президентіміздің негізгі саясаты – реформаларды халық үшін және халықпен бірге жүргізу. Сондықтан біз, сіздерді, мұғалімдерді шақырып, қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыс істегіміз келеді», – деді ол.