Наурыз мейрамында Бурабайға 40 мыңға жуық адам барған
Наурыз мейрамында шипажайға 40 мыңға жуық қонақ, 11 910 автокөлік келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлады Elordainfo.kz «Бурабай Даму» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолы курортта Бурабай тұрғындары мен қонақтары үшін үш жерде Наурыз мейрамы ұйымдастырылды.
«Ең танымал орындар дәстүр бойынша Абылай хан саябағы, Визиторлар орталығындағы шипажайдың хайуанаттар бағы, мультимедиялық интерактивті кешен және марал өсіру фермасы болып қала береді»,- делінген хабарламада.
2024 жылы ұлттық саябаққа барлығы миллионнан астам турист келген.