«Мен – Отан қорғаушымын» фотобайқауы жарияланды
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы «Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқау жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Аталмыш байқау әскери қызметшілердің отбасыларының беделін арттыру, қоғам мен Ұлттық ұланда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың балаларға деген қамқорлығын, балалардың үлкендерге деген құрметін күшейту, некенің беріктігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Байқауға Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен ардагерлерінің 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалары қатыса алады. Үміткерлер ұйымдастыру комиссиясына әскери киімде түскен фотосуреттерін ұсынуы керек. Фотосуреттер 3 маусымға дейін қабылданады.
Дауыс беру Ұлттық ұланның «Instagram»-дағы National_guard_kaz ресми парақшасында өтеді.
Жеңімпаздар «Ұнату» белгілерінің саны бойынша анықталып, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады.
-->Аталмыш байқау әскери қызметшілердің отбасыларының беделін арттыру, қоғам мен Ұлттық ұланда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-аналардың балаларға деген қамқорлығын, балалардың үлкендерге деген құрметін күшейту, некенің беріктігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.