Әртүрлі

Мен қазақ тілін өлең арқылы үйрендім – ғарышкер

Бүгін тұңғыш қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы  Тоқтар Әубәкіров медиа саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабек, «Egemen Qazaqstan» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы және газеттің ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Тоқтар Әубәкіров жайлы жазылған «Ер Тоқтар» кітабы жайлы айтылды. Кітаптың авторы – «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагер-журналисі  Талғат Сүйінбай.

Автордың айтуынша, «Ер Тоқтар» кітабы эссе, сыр-сұхбат, құжат-қоржын атты үш бөлімнен тұрады. Онда қазақ ғарышкерінің соңғы 20 жылға жуық кезеңдегі өмірі, қазақ қоғамындағы белсенді түрде атқарған қызметі мен іс-қимыл қаракеттері қызықты мағлұматтар мен деректер арқылы баяндалады. 

Ғарышкер қазақ тілін өлең арқылы үйренгенін айтты.

-->

Бұл кітапты баспаға жібермес бұрын қарап, оқып шықтым. Басынан аяғына дейін  болған оқиғаларды тізбектеп жазып, баяндап шыққан. Автор тарихи даталарды да қамтыған. Барлығы да өмірде болған жайттар. Менің ойымша, бұл егемен елдің тұрғындарына қажет, - деді кітап кейіпкері.

Ғарышкер қазақ тілін өлең арқылы үйренгенін айтты.

Мен қазақ тілін өлең арқылы үйрендім. Көлікте жүргенде өлең тыңдап, есту қабілетімді дамыта бердім. Ал өлеңнің кейбір түсінбейтін жолдарын, сөздерін жеке жаздым. Оның қасына аудармасын, мағынасын қоса қарап отырдым. Елден жырақта жүріп, тілді үйрену өте қиын екен. Кейін Қызылордада жүргенде қазақ тілінің кеңдігін, кереметтігін түсіндім, - деді ғарышкер.