Әртүрлі

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге тырысамыз – Тазабике Сәлиева

Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тазабике Сәлиева Президенттің қатысуымен ҚХА-ның  «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Қазіргі кезде елімізде 130-дан астам ұлт тұрады. Бастысы олар бір-бірімен бірлікте, татулықта әрі келісімде өмір сүріп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXXII сессиясының отырысында біраз өзекті мәселе көтерілді. Президент «қазақ тілін еркін білу барлық азамат үшін норма болуы керек» деді. Бұл – өте дұрыс. Тілдің мәртебесін көтеруге байланысты ауқымды іс-шаралар өткізіліп тұрады. Әлбетте, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге тырысамыз, - деді «Жайхун» қарақалпақ этномәдени орталығының Астанадағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тазабике Сәлиева.