Әртүрлі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек министрлігінің қарамағына беріледі

ҚР Үкіметі еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындап, орналастырды.

Қаулы жобасында:

- Еңбек министрлігі жанынан жеке Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін құру;

- Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті деп өзгерту;

- Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің атауын өзгерту;

- мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек министрлігі қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Қаулы жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.  

-->