Әртүрлі

Медеуде бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасымен Алматы қаласының Медеу ауданында бақылау-құтқару бекеті тәулік бойы жұмыс істей бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бекет жедел әрекет ету үшін қажетті арнайы техникамен, жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтылған.

фото: ТЖМ

Кезекшілікті тәуліктің кез келген уақытында оқиға орнына шығуға дайын білікті құтқарушылар атқарады. Орташа ден қою уақыты 1,5–2 сағатқа қысқарды, бұл таулы жерлерде өте маңызды.

«Медеуде тәулік бойы жұмыс істейтін бекет құру — Алматы тұрғындары үшін де, туристер үшін де қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған нақты шара», - деді Шыңғыс Әрінов.