«Медеу» табиғи паркінен заңсыз берілген жерлер мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Алматы қалалық прокуратурасының мәлімдеуінше, 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар жалпы ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген. Оған Горнооктябрь ауылы әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдері көрсетілген мұрағаттық анықтамалар негiз болды.
Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып саналмайды, соған қарамастан тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген.
Алматы қаласының прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді. Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд. теңге жер қайтарылды.
Сонымен қатар сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарымдар шығарды.
-->Алматы қалалық прокуратурасының мәлімдеуінше, 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар жалпы ауданы 35 га 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген. Оған Горнооктябрь ауылы әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдері көрсетілген мұрағаттық анықтамалар негiз болды.