Әртүрлі

Мамыр айында SCAT әуе компаниясында жаңа халықаралық рейс ашылады

27 мамырдан бастап қазақстандық SCAT компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рейстер аптасына үш рет - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Билеттер сатылымы ашық», – делінген хабарламада.