Мамандар қыстың кешігуіне байланысты болжамдарын айтты
Ауа райына қатысты болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында қар түседі, деп хабарлады Elorda.info.
Ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында жауады деп деп болжануда.
Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, ал солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасынның соғуы мүмкін.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа-райы күтіледі. Қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді, термометрлердің бағандары түнгі уақытта
-10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжануда.
Күз неге жылы боп тұр?
Бұл тарихта қашан байқалды?
-->Ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында жауады деп деп болжануда.
Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, ал солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасынның соғуы мүмкін.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа-райы күтіледі. Қар жауып, бұрқасынды жел күшейеді, термометрлердің бағандары түнгі уақытта
-10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжануда.
Күз неге жылы боп тұр?
Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі орын алуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° жоғары болды. Метеобақылау тарихында ағымдағы жылдың қараша айы өте жылы болды, жылы ауа-райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет ауа-райы жылы қараша 2010 жылы болды, ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° ауытқыды.
Бұл тарихта қашан байқалды?
Көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласында ең кеш қар жаууы 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелді.
Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, елордада алғашқы қар жауатын аралық – 10 қазан, мен 10 қараша, ал кеш жауған уақыты -15 желтоқсан. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жауғаны тіркеліп, орташа қалыңдығы 8-13 см болған.