Майдангер әжелерге министрдің құттықтау хаты табысталды
Мереке қарсаңында Қорғаныс министрлігінің өкілдері 99 жастағы Раиса Сафоничева тұратын Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлайды Elorda.info.
Кедесу барысында министрліктің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Раиса Егоровнаға Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.
«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов пен Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков Раиса Егоровнаға ардагерлер ұйымының төрағасы Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтауын жеткізіп, гүл мен жеміс себетін табыс етті.
Раиса Егоровнаны «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері де құттықтады. Кездесу балалар шығармашылық студиясы тәрбиеленушілерінің, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен Орталық әскери оркестрі солистерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Қонаев қаласында Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Сейілжан Бекмұратов пен әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваны құттықтады. Өткен жылы Оксана Демидовна 103 жасқа толған болатын. Медициналық училищенің түлегі соғыс жылдарында Полтавадағы № 1668 әскери госпитальда қызмет еткен.
Теңіз базасының командирі 2-ші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлының басшылығымен әскери теңізшілер 96 жастағы Ольга Заривнякты Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ольга Платоновна – партизан қозғалысының мүшесі. Әскери-теңіз күштерінің оркестрі ардагер үйінің ауласында музыкалық композицияларды орындап, құрмет көрсетті.
Бұл батыл әйелдердің бәрі соғыс жылдарында ерлермен бірге иық тірестіріп, майдан даласында әріптестерін құтқарып, жаралыларды емдеді, бейбіт азаматтарға көмектесті. Бүгінгі ұрпақ мұны ешқашан ұмытпайды. Неміс-фашист басқыншыларын жеңуге баға жетпес үлес қосқан олардың ерлігіне тағзым етеді.
-->Кедесу барысында министрліктің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Раиса Егоровнаға Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.
Қазір елімізде Ұлы Отан соғысының 178 ардагері тұрады, оның 28-і әйелдер. Олар жергілікті атқарушы органдардың да, біздің ведомствоның да қамқорлығында. Біз бұл кісілердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмаймыз. Біз үшін бұл қалыптасқан жақсы дәстүр, – деді әділет полковнигі Т. Басқожаев.
«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов пен Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков Раиса Егоровнаға ардагерлер ұйымының төрағасы Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтауын жеткізіп, гүл мен жеміс себетін табыс етті.
Раиса Егоровнаны «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері де құттықтады. Кездесу балалар шығармашылық студиясы тәрбиеленушілерінің, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен Орталық әскери оркестрі солистерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
Алматы қаласындағы Алмалы және Бостандық аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының әскери қызметшілері 1-ші Беларусь майданының 109-шы жеке байланыс полкінде қызмет еткен 100 жастағы Ольга Савенко мен 1943 жылдан бастап әскери госпитальда жұмыс істеген 99 жастағы Екатерина Баранованы құттықтап барды.
Қонаев қаласында Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Сейілжан Бекмұратов пен әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваны құттықтады. Өткен жылы Оксана Демидовна 103 жасқа толған болатын. Медициналық училищенің түлегі соғыс жылдарында Полтавадағы № 1668 әскери госпитальда қызмет еткен.
Теңіз базасының командирі 2-ші дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлының басшылығымен әскери теңізшілер 96 жастағы Ольга Заривнякты Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ольга Платоновна – партизан қозғалысының мүшесі. Әскери-теңіз күштерінің оркестрі ардагер үйінің ауласында музыкалық композицияларды орындап, құрмет көрсетті.
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы майор Бекзат Оразов пен оның орынбасары подполковник Алмасбек Бұқарбаев Ұлы Отан соғысының ардагері 4-ші Украина майданы 138-ші Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы Суворов атқыштар полкінің 650-ші полк құрамында мерген ретінде соғысқан Мария Курбатованы және 225 басқарманың 104 әскери-құрылыс жасағында қызмет еткен Мария Матюшинаны мерекемен құттықтады.