Әртүрлі

Маңғыстауда алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Соның нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталды,  деп хабарлады Elorda.info mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

 Oблыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

-->

«Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп жазылған білім басқармасы таратқан ақпаратта.