Әртүрлі

Маңғыстаулық полицейлер Малайзиядан келген туристердің жоғалған телефондарын табуға көмектесті

Жетібай – Шетпе тас жолында патрульдік полиция ротасының инспекторлары, полиция қызметкерлері Нұржан Мағзамов пен Мейрамбек Тезекбаев патрульдеу барысында көлікпен келе жатқан шетелдік әйелдердің өтінішін қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Малайзиядан Бозжыра табиғи көрінісін тамашалауға келген шетелдік турист әйелдер жол бойында санитарлық орында аялдаған кезде телефондары жоғалғанын, шамамен қай жерде қалғанын білетіндіктерін айтып, полициядан көмек сұрады.

Полицейлер жедел әрекет етіп, көрсетілген орынға барып, туристерге жоғалған телефонды табуға көмектесті.

«Құқық қорғау қызметкерлерінің кәсібилігі мен назар аударуының арқасында шетел азаматшаларының жеке заттары қайтарылып, туристер көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтар мен аймақ қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмек көрсету – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екендігін айтады.