Әртүрлі

Маңғыстауда мұнай мен газ заңсыз өндірілген

Маңғыстаудағы экологиялық бұзушылықтар анықталып, компанияға 7,8 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Elordainfo Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері талдау барысында экологиялық заңнаманың бұзу деректерін анықтады. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған.

«Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Айыппұл сомасы 7,8 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.