Әртүрлі

Маңғыстауда борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Маңғыстау облысында полигонда өтіп жатқан жиын кезінде сарбазға  оқ тиіп, көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қайғылы оқиға  7 қыркүйекте «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша»  полигонында болған.

Ақтау гарнизоны таратқан мәліметке сүйенсек, полигонда өтіп жатқан жиын кезінде қаруды пайдалану ережелерін бұзу нәтижесінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі алған жарақат салдарынан қаза тапты. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.  ҚР Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.