Әртүрлі

Маңғыстау облысының тұрғыны 218 млн теңге салық төлемеген

Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының орындалуына талдау жүргізу барысында ірі заңбұзушылықты анықтады. Облыс тұрғыны мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлемеген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алайда ол заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

«Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.