Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары білім беру саласындағы жемқорлықты әшкереледі, деп хабарлады Elorda.info.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жүргізген жедел шаралар барысында Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды.
Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.