Мақсат Халық: Қарыз беру мен алудың өз әдебі бар
Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық барлық адамға қажет. Ол жеке және отбасы бюджетін дұрыс жүргізу секілді маңызды жағдайларды біліп отыру үшін керек. Кіріс пен шығысты жоспарлау маңызды ма? Осы және өзге де сұрақтарды экономист Мақсат Халыққа қойған едік.
Қаржылық сауаттылық – әр азаматтың өз бюджетін сауатты әрі саналы түрде басқару.
Маманның пікірінше, адам әуелі қаражатты сақтауды үйренуі керек.
Ол ақшаны үйде емес, депозитте сақтаған дұрыс дейді. Өйткені ол қолжетімді болғандықтан тез жұмсалып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ол құнсыздануға ұшырайды.
Сондай-ақ мамандар банктерді таңдаған уақытта абай болуға шақырады. Ақшаны қандай да бір банкке салмас бұрын оның рейтингіне, қаржылық деңгейіне және т.б. назар аударған жөн.
Экономистің пікірінше, балаларды қаржылық сауаттылыққа 7 жастан бастап үйреткен жөн.
Мақсат Халық қарыз беру мен алудың да өз әдебі барын айтты.
Спикердің айтуынша, қарыз беретін адам көп жағдайда ұтылады. Өйткені өзгеге берген қарызды банктің депозитіне салуға болады.
Маман әр ай сайын қажетті шығындардың тізімін жасауды әдетке айналдыруға кеңес береді. Нәтижесінде адам қажетсіз шығындардан құтылады.
Сөз соңында экономист пайдалы кеңестерін де айтты.
-->Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық барлық адамға қажет. Ол жеке және отбасы бюджетін дұрыс жүргізу секілді маңызды жағдайларды біліп отыру үшін керек. Кіріс пен шығысты жоспарлау маңызды ма? Осы және өзге де сұрақтарды экономист Мақсат Халыққа қойған едік.
Қаржылық сауаттылық – әр азаматтың өз бюджетін сауатты әрі саналы түрде басқару.
Кейбір азаматтар қаржылық сауаттылықты үнемдеушілікпен байланыстырады. Оның да өз орны бар. Алайда ол барлық жерде үнемдей беру дегенді білдірмейді. Ол өмір сүру сапасын сақтай отырып, материалдық жағдайыңызды жетілдіру, - дейді экономист.
Маманның пікірінше, адам әуелі қаражатты сақтауды үйренуі керек.
Қаржыгерлер табыстың 20 пайызын міндетті түрде жинап отыруға кеңес береді. Бірақ бүгінгі таңда жұртқа сол соманы салып тұрыңыз деп те айта алмаймыз. Сол себепті ең болмаса 10 пайызын жинақтап отырғаны жөн. Мәселен, айлығыңыз 300 мың теңге болса, соның 30 мың теңгесін тұрақты түрде жинап отыру қажет. Бұл біраз уақыттан соң сізге ауқымды жинақ болады, - деді ол.
Ол ақшаны үйде емес, депозитте сақтаған дұрыс дейді. Өйткені ол қолжетімді болғандықтан тез жұмсалып кетуі мүмкін. Сондай-ақ ол құнсыздануға ұшырайды.
Сондай-ақ мамандар банктерді таңдаған уақытта абай болуға шақырады. Ақшаны қандай да бір банкке салмас бұрын оның рейтингіне, қаржылық деңгейіне және т.б. назар аударған жөн.
Мәселен, сіз әр ай сайын 50 мың теңгеден 15 жыл бойы үйдегі сейфте жинайтын болсаңыз, онда 9 млн теңге болады. Ал енді сол 50 мың теңгені банктегі депозитте 15 пайыз кірістілікпен жинасақ, онда 33 млн теңгеден асады екен. Байқағаныңыздай, банктегі депозитке салу арқылы көп қаражат жинайсыз, - деді ол.
Экономистің пікірінше, балаларды қаржылық сауаттылыққа 7 жастан бастап үйреткен жөн.
3-сынып оқушылары үшін «Қаржылық әліппе» деген пән енгізу керек. Мұнда олар табыс неден құралады, кіріс-шығыс, депозит туралы ақпараттармен танысады. 7, 8-сынып оқушылары экономикаға кіріспе, қаржылық алаяқтар, ақшаны жинақтау жайында өткені жөн. Ал 9, 10-сыныпта кәсіпкерлік негіздері, несиені тиімді рәсімдеудің жолдары жайында үйретсе, жақсы болар еді. Сол кезде біз қаржылай сауатты ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз, - деді ол.
Мақсат Халық қарыз беру мен алудың да өз әдебі барын айтты.
Біріншіден, екі тарапта келісімшарт болуы керек. Онда қаражатты қай уақытта қайтаратыны нақты жазылуы шарт. Екіншіден, қарызды келісілген күні қайтару өте маңызды. Ал егер де қайтара алмаса, онда уақытты шегере тұруын алдын ала ескертуі қажет. Алайда уақытын соза беру де әдепсіздік. Үшіншіден, қарыз берушіге қарыздан бөлек қосымша сыйлық сыйлау да өте маңызды, - деді экономист.
Спикердің айтуынша, қарыз беретін адам көп жағдайда ұтылады. Өйткені өзгеге берген қарызды банктің депозитіне салуға болады.
Белгіленген мерзімде қарыз беруші де ақшасын күтеді. Ал егер бермесе, онда сол адамның алдында абыройыңыз кетеді. Ал қарыз алсаңыз, онда беруіңіз керек. Ол сіздің Құдай алдындағы жауапкершілігіңіз. Сондықтан қарызды қайтарамын деген ниетпен алыңыз, - деді Мақсат Халық.
Маман әр ай сайын қажетті шығындардың тізімін жасауды әдетке айналдыруға кеңес береді. Нәтижесінде адам қажетсіз шығындардан құтылады.
Сөз соңында экономист пайдалы кеңестерін де айтты.
Қаражатты әртүрлі валютада сақтаған жөн. Біраз бөлігін шетелдік валютада, қалғанын теңгемен ұстаған жөн. Сондай-ақ ақшаны бір банкте ғана ұстамаңыз. Өйткені ол банк кез келген уақытта банкрот болып кетуі әбден мүмкін, - деп сөзін түйіндеді Мақсат Халық.