Анас Баққожаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
“Құрметті қауым! Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Әлемде өз егемендігін ала алмай жүрген қаншама халық бар. Оларға қарағанда біз мың есе бақыттымыз. Біз өз жерімізде еркін жүреміз, сол себепті оны қадірлей білу керек. Осы мерекеде Тәуелсіздіктің маңыздылығын тағы бір еске алу қажет деп ойлаймын. Мереке құтты болсын!”,- деді Анас Баққожаев.