Әртүрлі

Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 160 кг астам есірткі заттары тәркіленді

Биыл Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 160 кг астам есірткі заттары тәркіленіп, облыс аумағына есірткі жеткізудің 3 өңірлік арнасы тоқтатылды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

7 тамыз күні облыс прокуратурасының үйлестіруімен Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Кеңгір кенті аумағында кең ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау және сату фактісі бойынша 7 тұлға ұсталып, олардан 100 кг астам есірткі заттары тәркіленді.

Бұдан бөлек, Сәтбаев қаласында «Г» есімді азаматша ұсталып, одан 600 гр астам синтетикалық есірткі табылды. Оған есірткі Қарағанды қаласынан такси арқылы жеткізілген және соңғы облыс аумағында «закладка» тәсілімен өткізіп отырған.

Есірткі саудасымен айналысатын интернет-дүкендердің қызметін әлсірету мақсатында 2870 банк есеп шоты бұғатталып, жалпы сомасы 92 млн теңгеден астам ақша қаражатына тыйым салынды.