Әртүрлі

Ұлытау облысында сотталғандарды азаптаған 11 қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бас Прокуратураның мәлімдеуінше, №62 мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4 қызметкері жазасын өтеп жатқан 11 адамды кемсіту және басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы азаптаған.

Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандардың бағынбағандығы туралы басшыларына жалған ақпарат берген.

ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

-->

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, жұмыстан уақытша шеттетілді. 26 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді Бас Прокуратура.