Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 адам сотталды
Ұлытау облысы Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары 2019-2025 жылдар аралығында адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша ірі мөлшерде есірткі затын, яғни көкнәр тұқымдасын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған және сатқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, аталған дерек бойынша 5 азаматқа қарсы Ұлытау облысы Полиция Департаментімен Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтарымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушыларға 7 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ұлытау облысының прокуратурасы есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу, жарнамалау – қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.