Әртүрлі

Ұлытау облысында адам азаптаған полицейлерге қатысты тергеу аяқталды

Ұлытау облысының арнайы прокурорлары Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзған азаматты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу барысында күдіктілер кепіл қойып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген.

«Қазіргі уақытта іске қатысушы тараптар ҚПК-нің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылып, бұдан кейін қылмыстық іс сотқа жолданатын болады», - деді Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.