Әртүрлі

«Ұлы дала жорығы»: Тағы бір команда келесі кезеңге қатысудан бас тартты

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің тағы 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Үшсартта аяқталды. Осылайша, шабандоздар үш күн ішінде жалпы 250 шақырым жолды жүріп өтті.

Ал енді үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы жеңімпаз атанды. Ал екінші кезеңнің жеңімпазы болған Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Жетісу облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде бір аты жарысқа жарамай қалған БҚО командасы үшінші кезеңге қатысудан өз еркімен бас тартты. 

Айта кетелік, біз бұған дейін екінші кезеңде СҚО командасының жарыс жолынан шығып қалғанын хабарлаған едік.

Үшінші кезеңде ШҚО, Шымкент, Павлодар командаларында бір-бір ат жарысқа жарамсыз деп танылып, командалар құрамы бір қатысушыға кеміді. Сондықтан төртінші кезеңді ШҚО командасы – 4, Шымкент, Павлодар командалары 3 қатысушымен жалғастырады. Өзге командалардың құрамы толық, яғни 5 шабандоз, 5 аттан тұрады. Сонымен қатар бұл кезең бойынша, мәре сызығына кешігіп келген Ұлытау командасына айыппұл салынып, команда есебіне 15 минут қосылды.  

Жалпы бүгін 4-кезеңді 17 команда жалғастырады.   

-->

Аттардың шама-шарқын бағамдаған шабандоздар сәйгүліктерін қинамай, дер кезінде жарысты тоқтата білді.

БҚО командасының жетекшісі жарысты тоқтататынын айтқан болатын. Себебі аттары тым жас болды. Жорыққа дайын болмады. Сондықтан олар марафон-бәйгені жалғастырмауды жөн көрді. Жылқыларын аман сақтап қалғандары үшін команда өкілдеріне алғысымды айтамын. Келесі жылғы жорыққа бұдан да жақсы дайындықпен келеді деп сенемін, - дейді бас төреші Н.Купцова.