Ұлттық банк 10 мың теңгелік банкнотаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болатынын айтты
Ұлттық Банк жаңа үлгідегі 10 000 теңгелік су жаңа банкнотаның айналымға қашан түсетінін және оны жалған ақшадан қалай ажыратуға болатынын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық Банктің мәліметінше, 10 000 теңгелік жаңа банкноталар 2024 жылдың шамамен қыркүйек айынан бастап жаппай айналымға енеді. Өйткені еліміздің барлық өңіріне жеткізу және жабдықтарды (банкоматтар, терминалдар және басқа да кассалық техникалар) бейімдеу белгілі бір уақытты қажет етеді.
Сондай-ақ ведомство банкнотаны жалған ақшадан өз бетінше ажыратуға және оның түпнұсқалығын тексеріп алуға көмектесетін нұсқаулықты ұсынды.
Банкнотада рельефті қалыптастыратын – арнайы алтын интаглио баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерлі қабатымен басылған.
Банкноттың беткі бетінің шетінде шығыңқы, жоғары рельефті элементтер бар. Олар қолмен ұстағанда жақсы сезілетін – көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі.
Банкнота бетінде үзік-үзік түрінде шығып тұрған екі түсті қорғаныш жіп бар. Оны жарыққа тосып қарағанда бір тұтас жіп болып анық көрінеді. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде көк және күлгін түстердің өзара әрекеттесуінен динамикалық лүпілдеу әсері пайда болады.
Сонымен қатар банкнотаның бет жағында "Барыс" артефактының көлемді бейнесі түріндегі патч қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотты аударып қараған кезде тау шыңының және номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері және сәулелердің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері пайда болады.
Түсі өзгермелі терезеге де байқап қарасаңыз түпнұсқа мен жалған ақшадағы айырмашылықты ажыратуға болады. Терезедегі өтпелi жарықта тау шыңының сұлбасы алтын түстен көк түске өзгередi.
Банкнотаның екінші бетінде "Аузында грифондар бар Барыстың басы" артефактінің көлемді бейнесі түрінде Спарк қорғаныш элементі орналасқан. Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде Спарк түсі алтыннан нефрит түсіне өзгереді.
Жеке көркемдік элементтер банкнотаға алтын түстес жылтырағы бар арнайы – иридисцентті бояуы басылған.
Жергілікті су белгісі қорғаныш элементі – электротип. Жарық түскенде номинал бейнесінен тұратын электротип белгісі анық көрінеді.
-->