ҚТЖ мәдени-ойын-сауықтық пойызды іске қосады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ электропойыз жолаушыларына арналған «Поттер пойызы» атты жаңа мәдени-ойын-сауықтық жобасын іске қосады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл – Қазақстанда алғаш рет электропойыз ішінде өтетін театрландырылған бағдарлама. Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады.
Сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің образындағы әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерді қамтып, балалар мен ересектерге ертегідей саяхаттың ерекше атмосферасына енуге жағдай жасайды. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.
Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылады. Пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша (Астанадан 60 км) жүріп өтеді. Бағдарламаның ұзақтығы – 2 сағат.
«Поттер пойызының» алдағы рейстері:
• 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25;
• 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25.
Жолаушылардың ыңғайы үшін алдын ала брондау жүйесі қарастырылған.
Толық ақпарат пен билеттерді Instagram парақшасынан @poezd_potter_kz немесе +7 707 945 53 47 телефоны арқылы алуға болады.