Ұлттық ұланның 5 әскери қызметшісі сотталды
Ұлттық ұланның 5 әскери қызметшісі сотталды
2019-2022 жылдар аралығында әскери қызметші Д., У., С. және Е. өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, материалдық жағдайын жақсарту үшін әскери бөлімнің жанар-жағар майын жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын 448 млн теңгеден асты.
Олар ұрланған отынды жеке тұлғаларға сатып келген.
Сот үкімімен Д., У., С., Е. аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін кінәлі деп танылып, оларға 9 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Ал А. есімді азамат 2 жыл 6 айға сотталды. Сотталғандар материалдық залалды өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
-->2019-2022 жылдар аралығында әскери қызметші Д., У., С. және Е. өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, материалдық жағдайын жақсарту үшін әскери бөлімнің жанар-жағар майын жымқырған. Мемлекетке келтірілген шығын 448 млн теңгеден асты.
Олар ұрланған отынды жеке тұлғаларға сатып келген.
«Сотталушы А. қызметіне салғырт қарағандықтан, әскери бөлімнің жанар-жағар майына бақылау болмаған. Соның салдарынан мемлекетке материалдық залал келтірілді», - деді Әскери сот.