Әртүрлі

Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған 3 баланы ата-анасына қайтарды

«Құқықтық тәртіп»  жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның әскери жасағы жоғалған үш баланы тауып, оларды ата-аналарына қайтарып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

 «Бірінші жағдай сағат 20:15 шамасында болды. Сол кезде саябақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ бастығы Арман Ермекали патрульдік қатардағы жауынгерлер Сергей Образцов және Алексей Мартыновпен бірге жылап жатқан баланы байқаған. Әңгіме барысында алты жасар баланың адасып, ата-анасын таба алмағаны белгілі болды», - деп жазылған хабарламада.

«Біз онымен сөйлескеннен кейін бірден ата-анасын іздеуге бет алдық. 20 минуттан кейін біз оның үлкен ағасын тауып, баланы оған тапсырдық», - деді әскери жасақ бастығы Арман Ермекали.

Келесі оқиға сағат 21:25 шамасында болған. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Данил Седешов пен патрульдік қатардағы жауынгер Руслан Танекеевке, Арман Қараталовқа және Рамазан Аразовқа жергілікті тұрғын ұлын табуға көмек сұрап келген. Біраз уақыттан кейін сарбаздар ата-анасының қарауынсыз жас баланы байқаған. Осылайшы, жоғалған бала анасына табысталды.

Сол кеште сағат 21:50 шамасында Гагарин көшесі бойындағы патрульдеу бағыты бойынша жүріп келе жатқан әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Жансұлтан Байділдаев пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Аңсар Құрмаханов және Имаммади Ерғалиге Ш. есімді азамат қызын табуға көмек сұрап жүгінген.

Ол қызын шамамен 20 минут бойы өз бетінше іздеген болып шықты, бірақ таба алмаған. Біраз уақыттан кейін сарбаздар көрші аулада ата-анасының қарауынсыз жүрген қызды байқады. Оның жалғыз жүріп, адасып кеткені белгілі болды. Қыздың анасы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне қырағы қызмет атқарғаны және азаматтарға жанашырлықпен қарағаны үшін алғыс айтты.