Әртүрлі

Ұлттық ұлан командирлері оқ атудан мергендіктерін танытты

Ұлттық ұлан командирлері  оқ атудан мергендіктерін танытты, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қарабас» оқу орталығында «Ұлттық ұлан базасындағы түрлі қару түрлерінен оқ ату жаттығуларын орындау» атты атыс дайындығы бойынша практикалық сабақтар өтті.

23-9.jpg

Атыс алаңында офицерлер әртүрлі позицияда қару-жарақтан  белгілі бір нысандарға оқ жаудырдыСонымен қатар,  командирлер  жоғары жарылғыш снарядтарды атудың дәлдігі мен жылдамдығын пысықтады. Атап айтқанда, командирлер мен олардың орынбасарлары қарудың әртүрлі түрлерін: тапаншаларды, автоматтарды, тегіс ұңғылы мылтықтарды, граната атқыштар мен пулеметтерді күндіз-түні қозғалмайтын, пайда болатын және қозғалатын нысандарға ату дағдыларын көрсетті. 

Сонымен қоса, жараланған жауынгерлерге алғашқы  медициналық жәрдем беру  бойынша сабақ өтті.

Алғашқы болып Бас қолбасшымен оның орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов оқу-жаттығу барысында әртүрлі позицияда қару-жарақтан  оқ атып,  арнайы жасақ жауынгерлерімен бірге күрделі жаттығу орындап,  қол граната лақтырды. 

Осындай іс-қимылдар барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев те өз мергендігін танытты. Ол жер жастанған қалпы құм мен тастың арасынан әртүрлі позицияда калашников автоматынан  оқ ату жаттығуларын орындады.

Сондай-ақ, қатысушылар мәдени демалыс бағдарламасы  бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «КарЛаг» музейіне экскурсия жасады. Мұнда олар қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылардың әйелдері жайлы деректермен танысты. Тауқыметті тағдыр иелерінің өмірінен сыр шертетін жәдігерлерді тамашалады.

-->

Біз ресейлік және батыстық өндірістегі қару-жарақтан оқ атып жатырмыз. Қазіргі таңда «Урал» және «Тигр» автокөлігінен атыс жүргізілуде. Бұл сабақтардың мақсаты – әскеріміздің командалық құрамын атыс дайындығының тактикасы бойынша жетілдіру. Өйткені командирлер әрқашан және барлық нәрседе үлгілі болуы керек. Олар біздің Қарулы Күштеріміздің барлық қару-жарақтарын жеке өзі ата білуге міндетті. Генералдар мен офицерлер әртүрлі қарулардан, соның ішінде Ұлттық ұлан штатында бар жауынгерлік техникадан ату кезінде тамаша дағдыларға ие екенін атап өткім келеді, - деді Бас қолбасшының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов.

Осындай іс-қимылдар барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талапкер Әмриев те өз мергендігін танытты. Ол жер жастанған қалпы құм мен тастың арасынан әртүрлі позицияда калашников автоматынан  оқ ату жаттығуларын орындады.

Мұндай жаттығуды орындау үшін физикалық дайындық керек. Әсіресе, таулы жерлерде қару-жарақ қолданатын жауынгерлерге таптырмас жаттығу екен. 38 жылдан бері әскери салада жүрген мен үшін оң қолмен де сол қолмен де ату аса қиындық тудыра қойған жоқ. Сондықтан офицерлерге күнделікті машықтанған артық болмайды. Осы ретте бүгінгідей оқу-ату жаттығуларының пайдасы көп, - деді генерал-майор Талапкер Әмриев.