«Ұлттық ұлан аруы-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Әскери қызметшілерге Ішкі істер министрінің және министрдің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен төсбелгілер, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында екі мыңға жуық әскери әйел қызметші қызмет етеді. Олардың екі жүзден астамы офицерлік лауазымдарда қызмет атқарады. Иығына погон таққан әйелдер ерлермен бірге өздерінің әскери міндеттерін орындайды. Әскери әйелдер бүгінде қарауылдарда, байланыс тораптарында жауынгерлік қызмет атқарады, сонымен қатар нәзік жандылар әскерлерді әскери-медициналық, тылдық, бюджеттік-қаржылық қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Олар әйелдер кеңесінің мүшесі, олардың қатысуымен жеке құрамды әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қызметшілердің жас отбасыларын қолдау мәселелері шешіледі.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Ұлттық ұлан аруы – 2024» фотобайқауының финалистері мен жеңімпазы марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша, III дәрежелі дипломмен 6505 әскери бөлім штабының ұйымдастыру және жасақтау бөлімшесінің маманы (іс жүргізушісі) қатардағы Мақпал Әбділдаева, II дәрежелі дипломмен 6505 әскери бөлім кадрлар бөлімшесінің аға маманы (жауапты орындаушы) Гүлжан Жұмабекова марапатталды. І дәрежелі диплом мен «Ұлттық ұлан аруы – 2024» атағын 5571 әскери бөлімінің қаржы қызметінің аға маманы (бухгалтері) Қарлығаш Болусбаева иеленді.
Мерекелік кеш Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің солистері әзірлеген қызықты концертпен аяқталды.
-->Әскери қызметшілерге Ішкі істер министрінің және министрдің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен төсбелгілер, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында екі мыңға жуық әскери әйел қызметші қызмет етеді. Олардың екі жүзден астамы офицерлік лауазымдарда қызмет атқарады. Иығына погон таққан әйелдер ерлермен бірге өздерінің әскери міндеттерін орындайды. Әскери әйелдер бүгінде қарауылдарда, байланыс тораптарында жауынгерлік қызмет атқарады, сонымен қатар нәзік жандылар әскерлерді әскери-медициналық, тылдық, бюджеттік-қаржылық қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Олар әйелдер кеңесінің мүшесі, олардың қатысуымен жеке құрамды әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қызметшілердің жас отбасыларын қолдау мәселелері шешіледі.
Сіздер ер адамдармен қатар Отанымыздың қауіпсіздігі үшін өте күрделі және жауапты міндеттерді орындап келесіздер. Сондай-ақ әскери ұжымдарда жайлылық пен керемет атмосфера жасайсыздар. Бұл үшін сіздерге алғыс айтамыз. Көктемнің шуақты күндерінде сіздерге зор денсаулық, әсемдік, әйел бақыты мен қуанышын тілеймін! Жүрегімізге жылулық, мейірімділік пен жарық сыйлап жүре беріңіздер, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Ұлттық ұлан аруы – 2024» фотобайқауының финалистері мен жеңімпазы марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша, III дәрежелі дипломмен 6505 әскери бөлім штабының ұйымдастыру және жасақтау бөлімшесінің маманы (іс жүргізушісі) қатардағы Мақпал Әбділдаева, II дәрежелі дипломмен 6505 әскери бөлім кадрлар бөлімшесінің аға маманы (жауапты орындаушы) Гүлжан Жұмабекова марапатталды. І дәрежелі диплом мен «Ұлттық ұлан аруы – 2024» атағын 5571 әскери бөлімінің қаржы қызметінің аға маманы (бухгалтері) Қарлығаш Болусбаева иеленді.
Құқықтық тәртіп әскерінің маған белсенді дауыс бергеніне қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Осындай конкурс өткізгені үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына алғыс айтамын. Бүгінгі концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барша нәзік жандыларды әйелдердің халықаралық күнімен құттықтаймын! - деді ефрейтор Қарлығаш Болусбаева.