Әртүрлі

Ұлттық ұлан академиясын жас офицерлердің 23-ші легі аяқтады

Ұлттық ұлан академиясын жас офицерлердің 23-ші легі аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

19-6.jpg

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл оқу орнын 186 түлек бітірді. Оның ішінде 8 жас лейтенант үздік аяқтаған. 

Айта кетейік, жоғары оқу орнын үздік бітірген 4 түлек Мемлекеттік рәміздер күні лейтенанттық погондарды мерзімінен бұрын алған болатын. 

19-1.jpg

Ішкі істер министрі мен өңір әкімінің қолынан көптен күткен ерекше үлгідегі дипломдарды бірінші болып оқу орнын үздік бітірген түлектер алды. Жас офицерлердің дипломдарын тапсыру салтанатты рәсімінен кейін Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов Академия түлектерін құттықтады. 

Қазақстандық түлектермен бірге Тәжікстан Республикасының он өкілі диплом алды.

19-3.jpg

Кейін армия дәстүрі бойынша оқу орнының жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті. Биыл Академияның жауынгерлік туымен қоштасудың құрметті құқығына барлық түлектер атынан оқу орнын үздік бітірген лейтенант Санжар Шымкентбай ие болды.

Салтанатты рәсім Ұлттық ұлан мен Академияның жиынтық оркестрі дайындаған концерттік бағдарламамен, елордалық бригаданың құрметті қарауыл ротасы әскери қызметшілерінің дефилесін көрсетумен жалғасты. 

19-2.jpg

26 жыл ішінде оқу орны 4 мың жас офицерді дайындаған. Олар Ұлттық ұлан офицерлер құрамының қатарын толықтырды. Оның ішінде 400-ден астам түлек Қарулы Күштерге, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және ІІМ арнаулы бөлімшелеріне одан әрі әскери қызмет өткеруге жіберілді.

Көптеген түлек құрамалар мен әскери бөлімдерді басқарады. Ал олардың кейбіреулері Бас қолбасшылықта және әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының штабтарында басшылық лауазымдарда қызмет етеді.

19-4.jpg

Биыл ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде одан әрі қызмет өткеру үшін Мемлекеттік күзет қызметіне 5 түлек, Төтенше жағдайлар министрлігіне 3 түлек және ҚР ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне 13 түлек жіберілетін болады.

-->

Мемлекеттің қамқорлығының арқасында білім ордасы аумағында заманауи оқу корпусының, казарманың және спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 10,8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, Академияның Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларындағы оқу орталықтарының базасында филиалдары құрылды, - деді Марат Мұратұлы.

Қазақстандық түлектермен бірге Тәжікстан Республикасының он өкілі диплом алды.

Жылдан жылға біздің республикалар арасындағы әскери ынтымақтастық дипломатиялық байланыстардың маңызды салаларының бірі ретінде дамып келеді. Мемлекетаралық келісімдерге сәйкес біздің курсанттар ҚР Ұлттық ұланы Академиясында оқиды және 10 жылдан бері жыл сайын Тәжікстан Республикасы Ішкі әскерлерінің қатарын толықтырады. Бүгінде ҚР Ұлттық ұланының оқу орнын бітірген жоғары білікті 89 офицер Тәжікстан Республикасы Ішкі әскерлерінің бөлімшелерінде мақтанышпен қызмет етіп жүр, - деді Тәжікстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сухроб Орзу Рауфзода.