Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел жаттығу өткізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел жаттығу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында «Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуын өткізді, деп жазады Хабар24.
Бұл шара 3 кезеңмен жүргізілді. Шараға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министірліктерінің, сонымен қатар, Ұлттық ұлан бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жиындары барысында мемлекеттік органдардың террорлық және діни-экстремистік ұйымдардан төнген қауіпті тойтара білуі мен арнайы шекаралық операцияларды жүргізудегі нақты іс-қимылдары пысықталды. Шараның қорытындысы бойынша құзыретті органдарға бірқатар нұсқама берілді.
-->Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 мамыр мен 2 маусым күндері аралығында Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында «Қалқан-2023» жедел оқу-жаттығуын өткізді, деп жазады Хабар24.