Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған монета айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Коллекциялық монеталар 15 қазаннан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
ÁLIYA MOLDAǴULOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы
Монета Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға арналған. Монета дизайнында батыр бейнесі портрет түрінде бейнеленген.
Brilliant uncirculated дайындау сапасымен, мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, таралымы 10 000 (он мың) дана.
Барлық монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің кез келген түрінде қабылдануға міндетті. Сондай-ақ оларды елдегі барлық банкте банк шоттарына аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Айта кетейік, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.