«Ливияда жарылған танкерде Қазақстан мұнайы болған»: министрлік түсініктеме берді
Энергетика министрлігі Ливия жағалауында жарылған танкерде Қазақстан мұнайы болған деген кейбір отандық БАҚ беттерінде таралып жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ақпарат құралдарында «Ливия жағалауында жарылған танкер Қазақстан мұнайын тасымалдауы мүмкін» деген ақпарат таралып жатыр. Осы орайда, ҚР Энергетика министрлігінің түсініктемесі: Оқиға жекеменшік танкермен байланысты. Нақты ақпаратқа сүйенсек, соңғы жүк Ливия портында тиелген. «Танкерде Қазақстан мұнайы болған» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп жазылған хабарламада.