Әртүрлі

Ливанда әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар елге оралды

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ливанда қалған қазақстандықтар аман-есен елге оралды. Бұл туралы Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдарының қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері елге жеткізілді.

«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді. Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді», - делінген хабарламада.