Әртүрлі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1%, ал жылдық мәнде 0,4% төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

2024 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы мынадай болды:

Сары май – 4092 тг/кг;

Сүзбе – 2128 тг/кг;

Қырыққабат – 194 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

-->