Әртүрлі

Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген

Ермек Маржықпаев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Тараптар кездесу барысында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Бұл туралы Мәдениет және туризм министрлігі мәлімдеді.

Мәселен, 2023 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны бірнеше есе артып, 367 мың адамға жеткен. Сонымен қатар былтыр 311 мың қазақстандық турист Қытайға сапарлаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.

Министр қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстер саны аптасына 44 рейске дейін жеткенін атап өтті.

ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» аясында іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, екі ел арасындағы экономикалық, сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту үшін туризм саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

2024 жылдың желтоқсанында Алматыда «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» жабылу рәсімін өткізу жоспарланып отыр.

-->

Кейінгі жылдары туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында бірқатар шара қабылданды, - деді министр.

Мәселен, 2023 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны бірнеше есе артып, 367 мың адамға жеткен. Сонымен қатар былтыр 311 мың қазақстандық турист Қытайға сапарлаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.

Министр қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстер саны аптасына 44 рейске дейін жеткенін атап өтті.

ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында біз Қытай медиа корпорациясымен (СМG) елдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз, - деп атап өтті Туризм және спорт министрі.