Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады
Жәнібектің анасы болуы мүмкін делінген 4 әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты. Бұл туралы танымал журналист Қымбат Досжан өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды, – деп жазды Қымбат Досжан.