«Курметті, Казакстан халкы»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықтап, сынға ұшырады
Желіде Halyk Bank-тың қазақстандықтарды 1-мамыр Бірлік күні мерекесімен құттықтауы сынға ұшырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құттықтау мәтінінде қазақша әріптер жазылмай қалған.
«Казакстан халкынын бірлігі кунімен куттыктаймыз! Бул мереке басты кундылыктарды, достыкты, озара сыйластыкты және бірлікті еске салады. Биз еліміздін кеп ултты халкын мактан тутамыз», – делінген мәтінде.
Halyk Bank осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Halyk Bank атынан мемлекеттік тіліміздегі мәтінде кеткен қателік үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Қазақ тілі – мәдениетіміздің, тарихымыздың және ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұл біз үшін жауапкершілік қана емес, жүректен шыққан саналы таңдау. Сондықтан біз әрбір сөздің дәлдігі мен маңыздылығына айрықша мән береміз. Бұл жағдайда мәтінді көшіру кезінде техникалық қате және адамдық фактор рөл атқарған болуы мүмкін. Біз командамызға сенеміз және олардың әрбір материалға ерекше ұқыптылықпен қарайтынын жақсы білеміз. Дегенмен, өкінішке қарай, осы жолы маңызды жайт назардан тыс қалды», – деп жазылған хабарламада.