Әртүрлі

Кредиттік каникул: 10 мың сарбаздың қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды

Мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам сарбазға кредиттік каникул берілді. Олар банктік қарызы бойынша төлемдер кейін өтейтін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Банктік қарыз бен микрокредит бойынша кредиттік каникул автоматты форматта беріледі.

«Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам қамтылды. Жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам адамға кредиттік каникул берілді», - деді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.